2017 жылы 31қаңтарда Президент жолдауын мұғалімдер мен
оқушылар арасында талқылау
14.04.2017 жылы
Родион негізгі мектебінде Президент жолдауын талқылау болды. Жиын барысында
жолдаумен танысып, әр адам өзін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Жиынды тарих пәнінің
мұғалімі М.К.Мустафин ашып, Президент жолдауымен таныстырып, оның нақты
бағдарламалық құжат екенін , онда мемлекеттің таяу жылдарға арналған даму
кестесі нақты қадамдарымен көрсетілгенін атап өтті. Бұл жолдауға сүйене отырып,
мемлекетіміз үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Жолдауда экономиканың
өсуі, оның ішінде бес маңызды нәрсе бар, олар: технологиялық модернизация, бизнесті
дамыту, макроэкономикалық тұрақтылық, адамдық капиталды жақсарту, коррупцияға
қарсы күресу. Денсаулық сақтауда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік
сақтандыруды енгізеді; бұл сақтандырудың маңыздылығы әлемдік тәжірибеде
дәлелденген. Біздің алдымызда зор, маңызды мақсаттар тұр. Қазақстан халқы
тарихы қиын замандарда да халықтың ауызбіршілігінің арқасында жеңіп шықты.