ЭКСПО 2017 жайында
Родионовка негізгі
мектебінде 2 қараша күні 4-сыныпта «Барлығы ЭКСПО 2017 жайында» тақырыбында Астанадағы халықаралық көрмесі туралы талқыға
салды. Сонымен қатар, конференцияға қатысушы оқушылар Astana EXPO 2017 айтулы шарасы –
мамандандырылған көрмені өткізетін өзге елдерге үлгі екенін, Париждегі Халықаралық көрме бюросы елімізде
өткен шараға осындай баға бергенін, Астанада өткен халықаралық көрмеге алғашында
100 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарланған, алайда
Қазақстан бұл межені асыра орындағаны жайлы әңгімеледі.
– Халықаралық көрме
талаптарға сай жұмыс істеді. Сондықтан
жоғары баға қойылды. Astana EXPO 2017 көрмесі болашақта өзге елдерге
үлгі болатынын сынып жетекшісі де сөзіне арқау етті.
Конференцияда тарих пәнінің мұғалімі Мустафин
М.К. сөз алып: EXPO 2017 қазақстандықтар
үшін маңызды шара болғаны анық. Шара өте сәтті өтті. Келушілер көп болды.
Қаншама мемлекет қатысты?! Қазақстан жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр.
Ұйымдастырушылар, қатысушы мемлекеттер көрменің тақырыбын аша алды. Келушілер
«Болашақ энергиясы» тақырыбында мәлімет алды. Ең бастысы, өз көздерімен көріп,
сезінуге мүмкіндігі болды. Шынымды айтсам, көрме аумағының дөңгелек болғаны
мені таңғалдырды. Алғаш рет көрдім. Сондықтан болар, қалашық аумағына жүру өте
ыңғайлы еш қиындық тудырмады, - деп өз ойымен бөлісті.
Оқушылар
конференциядан көптеген мәліметтер алып, жақсы көңіл күймен қайтты.