Родионовка негізгі мектебінің
бастауыш
сыныптардың онкүндігінің есебі
20.11 мен 30.11.2017 жылы әдістемелік жұмыс жоспарының негізінде бастауыш
сыныптардың онкүндігі өтті. Онкүндік барысында әр оқушы өзін әр қырынан, жан-
жақты таныта білді. Әртүрлі сайыс, сұрақ-жауап ойын түрлері өткізіліп,
наминация бойынша жеңімпаздар анықталды. Мұғалімдер өз тарапынан қолдау
көрсетіп, барлық шаралар мерекелік көңіл күйде өтті. Оқушылар пән бойынша өз
білгендерін ортаға салып оларды қиын сәтте қолданып, бір-біріне де көмек қолын
соза білді.
Бірінші күн мерекелік ашылу салтанаты және сурет көрмесі, сайыс болды.
2 сыныпта ашық сабақты мұғалім
Қорғанбекова Гүлнар Сеильхановна өткізіп «Суффиксы» тақырыбын жан-жақты аша
білді және бұл әдістемесі жағынан әр түрлі этаппен құрылған заманауи сабақ
болды. Сабақтағы жұмыс барысы белгілі бір алгоритммен құрылған жаңартылған
бағдарламамен өткізілген деңгейде болды. Қойылған мақсат – міндеттер орындалды
1-4 сынып арасында математика пәнінен турнир өтіп, онда жақсы білім, өз жұмысын
бағалауды көрсетті.
Президент күніне арналған «Елбасы» атты сайыс өткізіліп, онда әркім өзінің
тақпақ оқуға, қрасөз айтуға деген құлшынысын көрсетті.
«Мой Президент» - атты ролик көріп, ауыл кітапханасына барып, «Наш первый
Президент» - ақпараттық сағатына қатысты.
«Веселые старты» эстафетасына мектеп
әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар қатысып, оқушылар намыстарына тырысып бақты,
жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімі Семак О.И 4 сыныпта «В стране сказок», театрланған
көрсетілім көрсетті. Бұнда әр оқушы әртістік қырынан ашылып, оқу, тәрбие, оқу
жағынан өз деңгейін көрсетті.
Декада жабылуы қарсаңында ӘБ отырысында қорытынды жасалып, мұғалімдер өз
тәжірбиесінде әртүрлі формадағы сабақ өткізу, заманауи әдістемелерді қолдануға
шешім қабылдады.