10 қаңтар 10 ақпан аралығында Республикалық "Қамқорлық" акциясы өтті. Бұл акция жетім-балалар,мүгедек-балаларға және ата-аналардың қарауынсыз қалған, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп қоғамдық ұйымдармен біріге отырып мәселелерді шешу алға мақсат етіп қойылған. 28.12.2018ж "Қамқорлық" акциясы ашылып, ата-аналарға арналған ақпараттық стенд жасалынды. Сынып жетекшілермен бірге отырып табысы аз отбасылар анықталып, демеушілерге көмек сұрап хат жолданды. Олар: "Арсен" дүкені, "Виктория"-дүкені, ЖШС "Алтындән", "Дружба" ФШҚ-көмек көрсетеді. Оқушылар арасында "Жақсылыққа көмектес" деген тақырыпта әңгіме өткізіліп, үй аралап,"Старость не за горами" дөңгелек үстелі 6-8 сынып жетекшілерімен өткізілді. Мектеп асханасында көп балалы, аз қамтылған отбасыларға арналған тегін ыстық тамақ беріледі. Сабақты себепсіз босатқан оқушылар, қатаң бақылауға алынады. Сынып жетекшілері апталық қорытындысын мектеп ұйымдастырушысына тапсырып отырады.
Мектеп ұйымдастырушысы - Бахытгуль Купабаева