Текст
9-желтоқсан 2025 жылы Родионовка орта мектебінің оқушыларымен Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік-басты құндылық" атты кітап көрмесі рәсімделді.
Іс-шараның басында кітапханашы тәуелсіздіктің қалыптасуы, еліміздің Мемлекеттік рәміздері мен көрікті жерлері туралы айта кетті.
Іс шараның мақсаты: азаматтық пен патриотизм сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан туралы білімдерін бекіту; өз елінің рәміздеріне, оның тарихына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
