Текст
31.10.2025
Күзгі каникул кезінде 6-сыныпта «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың отбасылық құндылықтар туралы түсінігін қалыптастыру және отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқушылар өз отбасыларындағы дәстүрлер туралы әңгімелеп, олардың жылулық пен өзара түсіністікті сақтауға қалай ықпал ететінін айтып берді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті.
