Текст
20.10.2025
16 қазан күні Родионовка ауылының «Негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Бөбек» шағын орталығында мектепалды сыныппен бірлесіп Дүниежүзілік нан күніне арналған қызықты экскурсия өткізілді.
Балалар диқаншылардың еңбегімен танысып, астықтың қалай сақталатынын көрді және нанның дәннен бастап біздің дастарқанымызға дейін жететін ұзақ жолын білді.
Мұндай кездесулер балаларға нан өсіретін адамдардың еңбегінің қадірін түсінуге және әрбір нан үзіміне ұқыппен қарауға үйретеді.
