Текст
16.10.2025
Бүгін, 24 қыркүйек күні, біздің мектепте президент сайлауы өтті. Бірақ биыл бәрі ерекше болды – біз жаңа көшбасшыны таңдаған жоқпыз, керісінше, қазіргі президентіміз Берік Алсудың беделіне қайта сенім білдірдік!
Ол өз қызметі барысында жауапкершілігімен, белсенділігімен және бастамашылдығымен көзге түсті. Оның жобалары мен идеялары, сондай-ақ мектеп өмірін қызықты етудегі талпынысы оқушылар мен мұғалімдердің қолдауына ие болды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша көпшілік тағы да Алсуды өз президенті ретінде таңдады! 🗳️
Қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы істеріңізге шабыт, жаңа жетістіктер мен сарқылмас энергия тілейміз! 💫
