22.09.2025
«2025 жылғы 19 қыркүйекте Родионовка ауылының НОМ "Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азамат тәрбиелеудегі ынтымақтастық» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
✔️ бірыңғай мектеп және спорттық форма талаптары, оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібі;
✔️ ата-ананың оқушының мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі;
✔️ балалардың қауіпсіздігі – жол қозғалысы ережелері, интернеттегі қауіпсіздік, құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу, медициналық қамтамасыз ету;
✔️ мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, ата-аналардың іс-шараларға қатысуы және ата-аналар комитетінің жұмысы.
Жиналыс соңында қорытындылар жасалып, ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
🤝 Бұл кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды.
