Текст
22.09.2025
17 қыркүйекте мектебімізде «Тіл және өнер» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ана тіліміздің байлығы мен сұлулығын паш етті. Байқау барысында қатысушылар поэзия мен прозадан үзінділерді мәнерлеп оқып, сөз өнерінің қадір-қасиетін дәріптеді. Ең кішкентай қатысушы, мектепалды дайындық сыныбының тәрбиеленушісі Ибрагимов Офсал қазақ тілінде өлең оқып, 6-сынып оқушысы Смаан Ахметали нақышына келтіріп оқып көрермендерін сүйсіндірді.
