Әкімдіктің үлкен залында білім беру саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтіп, мектебіміздің мұғалімі марапатталды. Зурамхан Елка (ағылшын тілі мұғалімі). Бұл іс – шара 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында өтті. Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлының айтуынша, білім саласы қызметкерлерінің басым бөлігін әйелдер құрайды. Салтанатты шара барысында ұстазымыз Ақмола облыстық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна барлық мұғалімдерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Ақмола облыстық кәсіподағының төрағасы Әбдірахманов Бейсенбай Қадырұлына, Атбасар ауданының кәсіподақ ұйымы кеңесінің төрағасы Едрисова Роза Балгенженқызына көрсеткен қамқорлығы мен назары үшін алғысымызды білдіреміз.