Текст
31.01.2023
2023 жылдың 13 қаңтарында "Шаңғы шақырады" фестивалі басталды. Родионовка негізгі мектебінің оқушылары мен мұғалімдері жас санатына байланысты жарыстарға қатысты.
26.01.2023
25 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы барысында 6-сынып оқушыларымен «Түркістан – тарихи қала» тақырыбында ашық саабақ өтті. Сабақ барысында «Күн сәулесі», «Мозайка», «Сұрақ-жауап» әдістері қолданылып, балалар бір – бірін, өз-өздерін бағалап отырды. Соңында «Блоб ағашы» арқылы рефлексия жасап, сабақ қорытындыланды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
26.01.2023
26 қаңтарда Родионовка негізгі мектебінің оқушыларымен жол қозғалысы ережелері бойынша әңгімелер өткізілді.
24.01.2023
Родионовка негізгі мектебінде 3 - 4 сынып арасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мәңгі сөнбес жұлдыз» атты сыныптан тыс іс-шара өтті . Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мәлімет беріліп өлеңдерін жатқа оқыды .
23.01.2023
Мамандықты дұрыс таңдау-болашақтағы жетістіктің кепілі!
20.01.2023
Родионовка негізгі мектебінің 2-сынып оқушысы Савин Кирилл балалар жазушысы Чарльз Перроның шығармалары бойынша суреттер байқауына қатысты.
20.01.2023
Родионовка негізгі мектебінде 2023 жылдың 20 қаңтарында ағылшын тілі апталығына белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау өтті.
20.01.2023
Біздің мектептің психологы И.М. Мирошниченко орта буын оқушыларымен қорқыту мен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында коммуникация ойындарын өткізді.
18.01.2023
Бүгін,2023 жылғы 18 қаңтарда Родионовка негізгі мектебінде орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 6 және 7 сынып оқушылары арасында "бақытты оқиға" ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
17.01.2023
2023 жылғы 10-31 қаңтар аралығында "Шаңғы шақырады" фестивалі басталды. Родионовка негізгі мектебінің оқушылары жас санатына байланысты қашықтыққа жүгіруге қатысты.